ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 73 млрд. теңгеден асқан

0
210

Мақтааралдық диқандар биыл 60,8 мың гектар жерге егістік ексе, оның 40,4 гектары жерге мақта дақылына тиесілі.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 73 млрд. теңгеден асқан

Мақтааралда көкөніс пен бақша өнімдерінің 80 пайызы экспортталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданында биыл 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып, 73 млрд. 438 млн. теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.


Аудан әкімінің айтуынша, мақтааралдық диқандар биыл 60,8 мың гектар жерге егістік ексе, оның 40,4 гектары жерге мақта дақылына тиесілі. Бүгінгі күнге мақта дақылы толығымен жиналып, 105 717 тн өнім алынды. Орташа өнімділік 26,3 ц/га құрады. Ал, көкөніс 19,2 мың тонна, бақша өнімдері 398,2 мың тоннаны құрады. Оның 80 пайызы экспортталған. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 12,6 млрд. теңге өнім шығарылған.


«Биыл ауданда құны 2,5 млрд. теңгелік «ZHANASSYL» ЖШС-і мақта өңдеу зауыты іске қосылды. Сондай-ақ, «EL-KZ 2020» ЖШС бетон өнімдерін өндіру зауыты жыл соңына дейін іске асыру көзделіп отыр. Аталған кәсіпорындарда 267 адамды тұрақты жұмыс орынмен қамту жоспарлануда», - деді аудан әкімі.


Инфрақұрылым бойынша аудандағы жалпы 69 елдімекеннің 67-і орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Ал табиғи газға 69 елдімекеннің 36-сы қол жеткізген. Қалған елдімекендерді қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Биыл жалпы 52,26 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекендердің ішкі көшелері орташа және ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатыр.


Ал «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл бірқатар нысандардың құрылысы басталды. Атап айтсақ, Мырзакент кентінде спорт кешені, Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елдімекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана, Жамбыл ауылдық округі, Жалын елдімекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхананың құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандар келесі жылы ел игілігіне берілмек.


Мақтаарал ауданында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері», «Сапалы білім «Білімді ұлт» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» Ұлттық жобалары шеңберінде 41 жоба қаралып, жалпы 701 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бекітілген. Қазіргі таңда, 41 жобаның 34-і іске асырылып, 200 жұмыс орны құрылып, халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 171 жұмыссыз азамат электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа жолданған.