ТҮРКІСТАН: Мақтааралда балаларға мерекелік дастархан жайылды

0
1 878

Мақтаарал ауданы әкімі БақытАсанов балаларға деген бар тілегін арнап, сыйлықтарын табыстады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда балаларға мерекелік дастархан жайылды

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімі Бақыт Асановтың балаларға арналған ақ дастарханы жайылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Әйгерім" мейрамханасында өткен салтанатты іс-шараға аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар, олардың ата-аналары қатысты.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып есеюіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің де болашағы жарқын. Міне, осылай деген аудан әкімі Б.Асанов балаларға деген бар тілегін арнап, сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, көп бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналарды да марапаттады.

"Құрметті балдырғандар, жас достар! Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп-өніңіздер. Ата- анаңыздың, еліңіздің мақтанышы болыңыздар. Сіздерге бар жақсылықты, жарқын болашақты тілеймін!" - деді Бақыт Насырханұлы.
Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан концерттік бағдарлама қойылып, балалар бар қызыққа бөленді. Ертегілер әлеміне саяхаттады. Сондай-ақ, өздері де өнерлерін ортаға салып, ән салды, би биледі. Жалпы мереке аясында Мақтаарал ауданында жыл сайын қайырымдылық акциялар өткізіліп, балаларға арналған концерттер мен түрлі шығармашылық сайыстар ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралардың барлығы да балалардың өмірі мен құқықтарын, бостандығын сақтау, білім алу мен дем алуына жағдай жасау, денелік және психологиялық жәбірлеуден, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы үлкендерге ескерту үшін жасалады.
Айта кетейік, халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылдан бері жыл сайын атап өтілетін ерекше мерекелердің бірі.