ТҮРКІСТАН: Мақтааралда кәсіпкерлер қаржыландырылып жатыр

0
1 615

Наурыз айынан бері ауданда «Бизнес бастау» бағыты бойынша 120 азамат оқытылып, куәлік алған. Бәрі де өз кәсіптерін бастауға дайын.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда кәсіпкерлер қаржыландырылып жатыр

Мақтаарал ауданында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 30 жоба қаржыландырылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалып, жеңілдетілген төмен пайызды несиелер берілуде. Адал кәсіппен айналысамын деушілерге арнайы оқу курстары өткізіліп, бизнес-жобаларға қолдаулар көрсетілуде.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы аясында тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда. Аталмыш бағдарлама бойынша ауданда тағы 37 адам 1 айлық курсты толық тәмамдап, бизнес жоспарларын қорғап шықты.

Айта кетейік, бұл бағытта наурыз айынан бастап 120 азамат оқып, куәліктерін алған. Бәрі де өз кәсіптерін бастауға дайын.

Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасын бітірген тыңдаушылардан 30 жобаға қолдау көрсетілсе, көктемгі дала жұмыстарына 162 шаруа қожалықтарына 298 060 000 теңге берілген. Одан бөлек «Жетісай несие» несие серіктестігі тарапынан тағы 26 жоба қаралуда. Маусым айында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші және екінші бағытттары бойынша оқыған 29 тыңдаушыға200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 505 мың тенгеден мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілген.

«Өңірдегі жұмыссыздықтың алдын алып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың бірден-бір тиімді тәсілі – кәсіпкерлікті дамытып, дұрыс жолға қою», - дейді Түркістан облысы «Кәсіпкерлер палатасы» Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Пердебайқызы.