ТҮРКІСТАН: ​Мақтааралда коронавирустың алдын алу үшін арнайы аудио хабарлама таратылды

0
838

Аудио хабарлама 559 көшеде дауыс күшейткіштер арқылы таратылған.


ТҮРКІСТАН: ​Мақтааралда коронавирустың алдын алу үшін арнайы аудио хабарлама таратылды

иллюстрациялық фото

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, Мақтаарал ауданында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша құзырлы мекемелердің мүшелігінде өңірлік комиссия құрамы және 9 адамнан құралған 3 мониторингтік топ және 66 адамды құрайтын 11 ақпараттық-насихат топтары бекітілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, Жарлықты аудан аумағында іске асыру мақсатында тиісті жауапты мекемелер айқындалып, бекітілген жұмыс-жоспарға сәйкес тиісті шаралар атқарылуда.

9 адамнан құралған 3 мониторингтік топ құрамы күн сайын 19.00-23.00 аралығында ауданға қарасты кәсіпкерлік, мәдени, ойын-сауық, спорттық нысандар және мешіттерді толық аралап, нәтижесінде талаптар толық орындалғандығы анықталған.
Сонымен қатар, ақпараттық-насихат топтарының құрамындағы қоғамдық ұйым өкілдері, зиялы қауым, еріктілер, белсенді жастар, мемлекеттік қызметшілер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.
Тұрғындар арасында құлақтандыру шараларын күшейту мақсатында індеттің алдын алу, одан сақтану, төтенше жағдай режимін, заң нормаларын сақтау, той-томалақтан бас тарту, діни құлшылықтарды үйде жасауды түсіндіретін аудиожазба дайындалып, ол әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі мешіттердің, білім беру ұйымдарының (мектептердің), мәдениет үйлерінің радиоқабылдағыштары және жеңіл автокөліктердегі дыбыс күшейткіштер арқылы аудандағы 69 елді мекенге қарасты 559 көшенің тұрғындарына таратылды.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін ерікті жастар үш мыңнан астам үнпарақтарды (брошюра) таратып үлгеріпті.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен белсенді жастар, еріктілер БАҚ-да, әлеуметтік желілерде коронавирустың алдын алу шаралары бойынша 10 видеороликпен халық алдына шықты. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен ауданның ресми сайтында түрлі материалдар жариялануда.