ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құны 6 млрд. теңгені құрайтын 9 нысан салынады

0
491

5 мектеп пен спорт және мәдениет ошақтары бой көтереді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құны 6 млрд. теңгені құрайтын 9 нысан салынады

Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерінің есептерінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшыларын қабылдап, атқарған жұмыстарын саралауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданы әкімінің айтуынша, биыл ауданда құны 6 млрд. теңгені құрайтын 9 әлеуметтік нысан салынады. Оның ішінде 5 мектеп пен спорт және мәдениет ошақтары бой көтереді. 60 мың гектардан астам алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда.


Кездесу қорытындысы бойынша облыс басшысы әкімге әлеуметтік мәселелер, медициналық қызмет сапасын арттыру және өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Инфрақұрылым сапасын жақсартудың, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтудің, білім беруді дамытудың, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен басқа да коммуникация арналары арқылы халықпен белсенді жұмыс істеудің ерекше маңыздылығын атап өтті.