ТҮРКІСТАН: Мақтааралда полицейлер сотты болған жастармен кездесті

0
1 421

Мақтаарал ауданының полицейлері мен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары сотты болған жастарды қоғамға бейімдеу мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда полицейлер сотты болған жастармен кездесті

Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық Ішкі Істер Бөлімі мен аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келген және соттылығы бас бостандығын шектеу шарасына алмастырылған 29 жасқа дейінгі азаматтармен кездесу болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесуде аудандық ішкі істер бөлімінің пробация қызметі тарапынан соттылығы бар азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың бір рет жасаған қылмыстарын екінші рет қайталамауы үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды.
Ал, "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Сүндет Кенжебаев бүгінгі мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарға тоқталды.

"Биыл өздеріңіз білетіндей Елбасы Жарлығымен "Жастар жылы" деп жарияланды. Бұл дегеніміз - сіз бен бізге, яғни, еліміздің барлық жастарына үлкен сенім артылып, мемлекеттік қамқорлықтардың да көлемі еселеніп отыр деген сөз. Сондықтан, бізге берілген әрбір мүмкіндікті тиімді пайдаланып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуымыз керек. Қазір азаматтарымызға арналған қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту, мамандықтарды қайта даярлау курстары жүргізіліп жатыр. Мұнан да басқа жеке кәсібімді ашып, адал еңбек етемін деушілерге үлкен жеңілдіктермен түрлі несиелер беріліп жатыр. Міне, осындай бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі сіздерде де бар. Біз тарапынан көмек керек болса біз сіздерді қолдауға қашан да дайынбыз",- деген орталық басшысы жиынға қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдады.
Аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдарда жұмыссыздықты жою аясындағы сұрақтарына жауап берді.