ТҮРКІСТАН: Мақтааралда тегін балмұздақ таратылды

0
1 891

Басты мақсат – жылына бір келетін мерекеде балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлап, қуаныштарымен бөлісу болған шара соңында мерекелік шараның сайыстарына қатысып жеңімпаз атанғандар марапатталып, сый-сияпат жасалды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда тегін балмұздақ таратылды

Әр бала бақытты болуға лайықты. Бала – біздің болашағамыз. Барша балалардың асыға күтетін мерекесі саналатын 1-маусым балаларды қорғаудың халықаралық күні мерекесі Мақтаарал ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Орталық алаңға жиналған бүлдіршіндерге аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ тегін балмұздақ таратты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биылғы жылғы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі жылдағыдан өзгеше өтті Мақтааралда. Өйткені – орталық алаңға жиылған бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып ән шырқады, би биледі. Бір тобы бүгінгі бейбіт өмірдің отаны болған Қазақстанның болашағын бала қиялдарымен сурет етіп салды. Ең басты қуаныш – орталық алаңда аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің екі күн бойы бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратуы болды.

“Бала біздің болашағымыз, осы болашағымыз үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Осы балаларымыздың өсіп-өркендеуі үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүлдіршіндеріміздің жарқын болашағына ата-ана, мемлекет тарапынан көптеген қамқорлықтар жасалып жатыр. Сондықтан, егемен еліміздің келешегі, болашағы, біздің көк туымызды желбірететін осы міне бүгінгі бүлдіршіндеріміз” деген аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы Мақтааралдықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

Іс-шара соңында мереке аясында ұйымдастырылған байқауларда үздік танылғандар марапатталып, сый-сияпат жасалды. Қуыршақ театрының әртістері бүлдіршіндермен бірге билеп, мереке ажарын аша түсті.