ТҮРКІСТАН: Мақтааралда төмен бағалар дүкені ашылды

0
554

Тауарлар нарықтағы бағадан 30-40%-ға дейін төмен бағада сатылады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда төмен бағалар дүкені ашылды

Мақтаарал ауданында "Светофор" төмен бағалар дүкені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде "Светофор" төмен бағалар дүкені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, әлемдік тәжірибесі бар төмен бағалар дүкенінің ауданымыздан ашылуын зор қуанышпен қабылдағанын жеткізді.


"Кәсіпкерлік нысандарын тексеруге мороторий жариялау, кей жағдайларда салықтан босату, аз пайызбен несиелеу, субсидиялау сияқты жеңілдіктер - біздің елімізде кәсіпкерлік жасауға өте қолайлы екенін көрсетеді. Сіздерді ауданымызда алғаш рет ашылып отырған "Светофор" төмен бағалар дүкенінің ашылуымен құттықтаймын. Әлемдік тәжірибесі бар мұндай брендтің Атакент кентіне келуі тұрғындар үшін өте маңызды. Себебі, "Цветофор" дүкені ауданымыздағы басқа да дүкендер мен супермаркеттердің арасында өзара бәсекелестік қалыптастырып, азық-түлік бағаларының төмен болуына оң септігін тигізеді", - деді Бейсенбай Тасболатұлы.

⠀⠀

Елімізде "Светофор" сауда маркасымен 30-дан астам дүкендер жұмыс істейді. Олар ірі мегаполистер мен барлық облыс орталықтарында, басқа да ірі қалаларда бар. Сонымен қатар, бұл ресейлік бренд Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде өз желілерін құрып, тауар бағаларының төмен болуымен ерекшеленіп келеді. Дүкен мыңға жуық азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды ассортиментін нарықтағы бағадан 30-40%-ға дейін төмен бағамен сатады.

Айта кетейік, дүкеннің тағы бір ерекшелігі - кез келген өңірдегі қаңырап бос тұрған ғимараттарды қалыпқа келтіру арқылы пайдаланады. Атакент кентінде жаңадан ашылған сауда дүкенінде 12 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр.