ТҮРКІСТАН: Мақтааралда "Замандастар және тең қоғам" орталығы ашылды

0
564

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ондаған қызмет түрін бір жерден ала алады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде "Замандастар және тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Асанов ауданымыздың қазыналы қарияларына арналған орталықтың жұмысымен толық танысты. Сондай-ақ, салтанатты жиынға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров және аудан ардагерлері қатысты.


Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауданның 65 жастан асқан зейнеткерлері және 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтары ондаған қызмет түрін бір жерден пайдалана алады. Атап айтқанда, дәрігерлер кеңесі, құқықтық, психологиялық көмектер, емдік дене шынықтыру, шахмат, үстел теннисі, бильярд, ән айту, би билеу, кітапхана, компьютер, интернет курстары, қолданбалы шығармашылық өнер түрлері бойынша қызметтер көрсетіледі.


"Замандастар және Ten Qogam" әлеуметтік көмек көрсету орталығы аптасына 5 күн, сағат 9:00-ден 13:00-ге, түстен кейін 14:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр үйірмеге, топқа азаматтар өздеріне қолайлы уақытқа жазыла алады. Мекен жайымыз: Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесі №4 үй. Анықтамалық ақапрат алу үшін +7 778 915 25 75 нөміріне хабарласуға болады. Барлық зейнеткерлерімізді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды уақытын тиімді пайдалану үшін орталығымызға шақырамыз!" - деді ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мұса.


Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ауданда ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету бағытында көптеген шаралар атқарылып жатыр.