ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы 5 ауылда ауызсу құбырлары жаңартылды

0
856

Жоба құны 359 миллион теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы 5 ауылда ауызсу құбырлары жаңартылды

Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылда ауыз су жүйелерін қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылда ауыз су жүйелерін қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме «СтройЖолСервис KZ» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын бастады. Жоба құны 359 миллион теңгені құрайды. «AveNiu» ЖШС-і компаниясы техникалық жағынан қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде Азаттық ауылындағы 9,7 шақырым су құбыры толық жаңартылмақ. Осыған байланысты аталған елді мекенде тұратын 1545 тұрғынға тіршілік нәрін толық әрі сапалы жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынған.


Жалпы аудандағы 69 ауылдың 67-сі орталықтандырылған ауыз су жүйесімен толық қамтылған. 2 елді мекен: Достық, Найман-Бұхарбайға таза ауыз су жетпеген. Сондай-ақ аталған ауылдардағы жөндеуді қажет ететін су құбырларын қайта жөндеу жұмыстары қолға алынды. Тіршілік нәрі мүлдем жетпеген екі елді мекенге су құбырлары салынады деп күтілуде.


Осыған орай облыстық бюджеттен 2023 жылы 850 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, Атакент, Береке және Иіржар ауылдарының ауыз су жүйелері жаңартылып, жыл соңында пайдалануға берілмек.


Оған қоса биыл республикалық бюджеттен жалпы 858 миллион теңге қаржы қаралып, Жаңажол және Азаттық ауылдарының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған 2 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, 2023 жылға аудандық бюджеттен 95 миллион теңге қаралып, 9 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.