ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы егістік алқабы қайта жайқалды

0
1 205

Өзбекстан Республикасынан 43 ауыл шаруашылығы техникалары мен 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы егістік алқабы қайта жайқалды

Мақтааралдағы зардап шеккен егістік алқабы қайта қалпына келді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы тасқын судан зардап шеккен 3,4 мың гектар жер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап өтер болсақ мақта, бақша өнімдері мен жүгері, күріш егіліп, шаруашылық жұмыстары жалғасып жатыр.

Атап өтсек, Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуынан аймақтағы 11 елдімекенде 1031 тауар өндірушінің 5,9 мың гектар егістік алқабы зардап шеккен болатын. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының қатысуымен жасалған есепке сәйкес, жалпы шығын көлемі 1,142 млрд теңгені құрайды.

Келтірілген шығын көлемі «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС тарапынан ұсынылған технологиялық картасы негізінде 1 гектар егістің шығыны мен өткен жылы алынған өнімнің 1 келісіне нақтыланған статистикалық бағасы негізінде есептеліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан Үкіметтің қарауына ұсынылған. Төтенше жағдайдың зардабын залалсыздандыруға Өзбекстан Республикасынан 43 ауыл шаруашылығы техникалары мен 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген.

Сонымен қатар, шығынға ұшыраған тауарөндірушілерге 1,2 млрд. теңге қаржы өтемақы төленді. Оған қоса, аумақта ветеринариялық қауіпсіздік сақтала отырып, ауыл шаруашылығы аумақтары толығымен залалсыздандырылған.