​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық құзырлы орган басшылары елдімекендерде кездесулер өткізуде

0
1 782

Мақтаарал ауданының құзырлы орган басшылары тұрғындардың өтініштерін тыңдады.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық құзырлы орган басшылары елдімекендерде кездесулер өткізуде

Мақтаарал ауданының құзырлы орган басшылары кенттер мен ауылдық округтерде тұрғындарға қоғамдық қабылдаулар өткізіп, өзекті мәселелеріне құлақ түруде деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

“NurOtan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаевтың бастамасымен мақтааралдық құзырлы орган басшылары кенттер мен ауылдық округтерде тұрғындарға қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Қабылдауға ауданның зиялы қауым өкілдерімен қатар аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков, Мақтаарал АПБ басшысының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев және Мақтаарал аудандық сотының судьясы Марат Ырсымбетовтер қатысуда.

Кездесу барысында құзырлы орган басшылары тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен сұрақтары хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде толық мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар, құқық қоғау саласының мамандары бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, алдын алу, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы салаларындағы заңбұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу жөнінде де түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ауыл ақсақалдарын ұрпақ тәрбиесі жолында, қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынып жатқан профилактикалық істерде бірігіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Қабылдауына күнде кіре бермейтін құзырлы орган басшыларының осылайша жер-жерлерде тұрғындармен жиі жүздесіп тұрулары керектігін айтқан ауыл ақсақалдары өздері тарапынан қандай көмек болса да қолұшын созуға дайын екендіктерін айтып тарқасты.