​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық судьялар латын әліпбиіне көшуге дайын

0
340

«Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық судьялар латын әліпбиіне көшуге дайын

Мақтаарал аудандық сотында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандық соттың ғимаратында өткен шараға Мақтаарал аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері, аудандық ішкі саясат бөлімінің тілдерді оқыту және дамыту орталығының мамандары қатысып, латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары мен пайдасы, жеңілдіктері кеңінен түсіндірілді.

Аудандық сотының судьялары мер тілдерді оқыту және дамыту орталығы қызметкерлері баяндамалар жасап, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне шолу жасады, осы бағыттағы реформаның кейбір мәселелері жөнінде өз ойларымен бөлісті.

“Қазақстан үшін бұл реформа - бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған сапалы қадам”, - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында өтен дөңгелек үстел соңында қатысушылар тілдің болашағы әліпбиге байланысты деген ортақ пікірге тоқталып, эссе жазды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет