ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық тұрғын есірткі өсіргені үшін ұсталды

0
1 281

Аулада өсіп тұрған екі түп өсімдік есірткі құралы «сора» екендігі анықталған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық тұрғын есірткі өсіргені үшін ұсталды

Мақтаарал ауданында есірткі өсірумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда жергілікті тұрғынның бірі ауласында «марихуанна» есірткі сорасын өсіріп баптаумен айналысатындығы көрсетілген.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі қозғалды. Мақтаарал АПБ-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізу барысында Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғынының үйі анықталды.

Жоғарыдағылардың негізінде күдіктінің тұрғын үй ауласын қарап, тінту барысында үй алдындағы сарайдың артында, өсіп тұрған 2 түп есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдігі мен кептірілген түрлері, қолданған құралдары тәркіленіп алынды. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, зеттеуге ұсынылған «екі» түп өсімдік есірткі құралы «сора» екендігі анықталған. Ал, салмағы 300 г-нан астам.

Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда, аталған есірткі затын қандай мақсатта өсіргендігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарды «Ғасыр дерті аталған – нашақорлыққа» әуестенбеуге шақырып, ескертеді.