ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтар «Birgemiz» қоры салып берген жаңа үйлеріне қоныстанды

0
738

20 үй салуға 340 миллион теңге бөлген еді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтар «Birgemiz» қоры салып берген жаңа үйлеріне қоныстанды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға сапары осы аптада Оңтүстік өңірде жалғасты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биыл мамыр айында су басудан зардап шеккен Мақтаарал ауданына арнайы барды.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры Достық ауылының тұрғындарына арнап 20 үй салуға 340 миллион теңге бөлген еді. Партия филиалының басшысы, облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге Мырзакент кентіндегі жаңа қоныстанушыларды баспаналарымен құттықтадық. Енді бұлар – саманнан емес, газоблоктан салынған көлемі 100 шаршы метрлік 4 бөлмелі үйлер. Сондай-ақ, қор қаржыландыруымен Фирдоуси ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан тағы 12 үйдің құрылысы қараша айының басында аяқталады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың үндеуіне қолдау білдіріп, мақтааралдықтарғагуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен құрылыс материалдарын жіберген барша партия мүшелеріне алғысымды білдіремін. Жігерлі жастарымыз бен белсенді волонтерларымызға ерекше рақмет! Су басқан өңірде 500 жасотандық бөгеттер көтеруге, азық-түлік жеткізуге және басқа шаруаларға тікелей көмектесті.

Қиын-қыстау кезеңде бір біріне қол ұшын беріп, қолдау көрсету – биік азаматтық пен жауапкершіліктің, қоғам кемелдігінің үздік үлгісі!», — деді Б.Байбек.