ТҮРКІСТАН: Мақтааралдың әкімі көше аралап, аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

0
1 458

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, жастармен бірге Мырзакент көшелерін аралап тұрғындарды мерекемен құттықтап қана қоймай, бәрі біргелікте “Мақтааралым” әнін шырқады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдың әкімі көше аралап, аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Ізгілік пен мейірімділіктің, ауызбіршіліктің мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы мен аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Сүндет Қахраманұлы бастаған кент жастары көшелерді жаяу аралап елді ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырып, Мырзакент кентінің тұрғындарын айтулы мерекелерімен құттықтады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Ел арасындағы ынтымақты сақтауда және қоғамдық істерде белсенділік танытып көктемнің жаршысындай қызылды-жасылды ұлттық киімдерін киіп, көктем гүліндей құлпырған аудандағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрғындарды мерекемен құттықтап қана қоймай, бәрі біргелікте “Мақтааралым” әнін шырқады.
Жер бусанып, бәйшешек гүлдейтін, төрт түлік мал төлдеп, ағаштар бүршік жаратын, табиғат ананың ұйқысынан оянар кезінде бастау алған мұндай игілікті шара ертең ауданның барлық ауылдық округтері мен кенттерінде өз жалғасын табатын болады.