ТҮРКІСТАН: МӘМС жүйесін пайдаланушылар көбейіп жатыр

0
613

МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай ем алады.


ТҮРКІСТАН: МӘМС жүйесін пайдаланушылар көбейіп жатыр

Түркістан облысы бойынша биылғы жылға медициналық көмек көрсету үшін 163 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында атап өткен медицина саласын жетілдіру мәселелері өзекті. Президент Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарына тоқталды. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері пандемия жағдайындағы кедергілерге қарамастан, қыруар жұмыстар атқарылды.


МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай ем алады. Тіпті, қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде ақысыз жасалады.


Жалпы, Түркістан облысы бойынша биылғы жылға медициналық көмек көрсету үшін 163 млрд теңге, оның ішінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында 96 млрд теңге қарастырылған. Ал медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық қызметтерге қарастырылған қаржы көлемі 67 млрд теңге. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры А.Бейсенбаев мәлімдейді.


Қазіргі уақытта қормен Түркістан облысы бойынша 81 медициналық мекеме шарт жасасқан. Оның 40 – жекеменшік клиника. Жыл өткен сайын тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет көрсетушілер үлесі артуда. Бұл мемлекеттік және жекеменшік медицина ұйымдары арасында бәсекелестік туындатып, азаматтың үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді.