ТҮРКІСТАН: Маңғыстаулықтар Арыс шаруаларына алғыс айтты

0
552

Түркістан облысында "БАТЫСҚА КӨМЕК" шарасы қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Маңғыстаулықтар Арыс шаруаларына алғыс айтты

Батысқазақстандықтар Арыс шаруаларына алғысын білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биылғы жылғы қуаңшылық маңғыстаулық шаруаларға қиын соғып тұрғаны белгілі. Қиындықты еңсеру мақсатында Түркістан облысында "БАТЫСҚА КӨМЕК" шарасы қолға алынып, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің атсалысуымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ келісім жасалып, логистика мәселесі шешілді. Аталған шараға Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың ұйымдастыруымен арыстық шаруалар мен белсенді азаматтар көмек қолын созған. Шөпті жинауға және артуға қаланың еріктілері, белсенді азаматтары көмек көрсеткен.


Атап айтқанда, Арыс қаласына қарасты Қостүйін тұйығынан (тупик) Маңғыстау облысына 3 мың бау, яғни, 3 вагон шөп жіберіліп, тиісті мал азығы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылдық округіне, Қарақия ауданының Сенек, Бостан, Құланды ауылдық округтеріне қарасты шаруашылықтарға жеткізіліп, үлестіріліп берілді. Батыстық шаруалар өз кезегінде Арыс қаласы әкімдігі мен шаруаларға, белсенді азаматтарға арнайы алғыс жолдады.


Тиісті шараға белсене қатысқан Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Сырдария ауылының тұрғындары Шпеков Әмір Құралбайұлына, Зүлфия Нұсқабекқызына, Шыныбеков Түгелге, қала тұрғыны Ерзат Ергентайұлы, Қолғабыс қорының төрағасы Сырлыбек Мұсабеков бастаған барша азаматтарға ел алғысы ерек. Игі шаралар жалғасын табатын болады.