ТҮРКІСТАН: Медиаторлар мен адвокаттар арасында меморандум жасалды

0
885

Әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00 мен 18.00 аралығында тұрғындарды қабылдайды.


ТҮРКІСТАН: Медиаторлар мен адвокаттар арасында меморандум жасалды

Түркістан облысындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде медиаторлар мен адвокаттар арасында меморандум жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова мен Түркістан облысы адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Қамбаров арасында медиация институтын дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс жасау үшін өзара ыңтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде медиаторлармен қатар адвокаттар да жұртшылыққа кеңес береді деп жоспарланған.


Жуырда Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарға тегін кеңес беретін медиаторлар орталығы ашылған болатын. Бұл бастама Түркістан облысы әкімдігі мен «ЕвроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде жүзеге асып отыр. Кәсіби заңгерлер «Ашық әкімдік» кеңсесінде әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00 мен 18.00 аралығында тұрғындарды қабылдайды.