ТҮРКІСТАН: Мектептерде заманауи спорт залдары салынып жатыр

0
534

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Мектептерде заманауи спорт залдары салынып жатыр

Кентау қаласындағы білім ошақтарында спорт залдары салнп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында А.Құнанбаев атындағы №5 және А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде заманауи үлгіде спорт залдарының құрылысы басталды. Бұл спорт нысандары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тапсырыс беруші – Түркістан облыстық құрылыс басқармасы.


Атап өтсек, А.Құнанбаев атындағы № 5 ші мектепке қаралған қаражат 201 млн. теңге болса, А.Пушкин атындағы №6 шы мектепке 199 млн. теңге қаралған. Спорт залдың биіктігі – 8,5 метрді құрайды. Онда ұлдар мен қыздарға арналған жеке арнайы жуыну бөлмелері бар. Мұнда оқушылардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қатар спорт залдары жылумен толық қамтылады. Жоспар бойынша нысандар 2022 жылдың сәуір айында тапсырылады. Қазіргі уақытта әр құрылыс басында тиісті бригадалар жұмыс істеп жатыр.


60 жылдан аса тарихы бар білім беру мекемелерінің оқушылары мектеп ішіндегі стандартқа сай келмейтін залда дене шынықтырумен айналысқан. Енді ол күндер артта қалмақ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауыл мектептеріне қолдау күшейіп, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалып жатыр. Кентауда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.