​ТҮРКІСТАН: Мектептерде жөндеу жұмыстары басталып кетті

0
1 123

Елімізде орын алған төтенше жағдай мен қазіргі карантин режиміне байланысты мектептер жұмысын уақытша тоқтатқан еді.


​ТҮРКІСТАН: Мектептерде жөндеу жұмыстары басталып кетті

Түркістандағы білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сол себепті, жаз мезгілінде жүзеге асатын жөндеу жұмыстары, мектеп іші бос болғандықтан уақытынан ерте іске асырылуда. Жалпы, облыс орталығында 40 мектеп (32 жалпы орта мектеп, 1 Дарын мектеп-интернаты, 1 кешкі мектеп, 6 жекеменшік мектеп), 108 (21 мемлекеттік, 87 жекеменшік) балабақша бар. Соның ішінде жөндеу жұмыстарын қажетті деп тапқан 26 мектеп пен 1 балабақшада терезе, еден ауыстыру, ішкі және сыртқы келбетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ол үшін Жол картасы бойынша республикалық бюджет есебінен 4,5 млн теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржы мектептің ішкі әжетханаларының құрылғыларын ауыстыруға және мектеп ғимаратының қасбетінің әрлеу жұмыстарына жұмсалады. Жөндеу жұмыстары тамыз айының 15-не дейін аяқталады деп жоспарланған.⠀

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары үшін ата-ана немесе оқушыдан қаржы жинау қарастырылмаған. Ақша сұрау жайты орын алса, жауапты маман Гүлмира Құлбайымбетовамен (87058955437) байланысуға болатынын хабардар етеміз.