ТҮРКІСТАН: Мектептің жылу қазандығы жарылып, 1 адам қайтыс болды

0
637

Мектеп ғимаратына ешқандай зиян келмеген.


ТҮРКІСТАН: Мектептің жылу қазандығы жарылып, 1 адам қайтыс болды

Сайрам ауданында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін таңғы сағат 8:25-те Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылында орналасқан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі КММ-нің қазандығы жарылды.


Оқыс оқиғаның салдарынан мектептің 1963 жылғы от жағушысы Құлыншақов Мұратбек Әлімтайұлы қайтыс болды.


Айта кетсек, жылыту қазандықғы 2014 жылы соғылған, көлемі 20 шаршы метрді құрайды. Қабырғасы кірпіштен қалснып, төбесі плита бетонмен жабылған. Қазандықтағы 2 котел қатты отынмен (көмір) жылытылады. Жарылыс салдарынан мектеп ғимаратына ешқандай зиян келмеген.


Қазіргі таңда аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізіліп, сот медициналық сараптама тағайындалды.


Оқиға орнына Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасынан 3 қызметкер, 1 техника, полиция басқармасының тергеу тобы, жедел жәрдем бригадасынан 3 қызметкер мен 1 техника, прокуратурадан 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды.