ТҮРКІСТАН: Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты

0
576

Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.


ТҮРКІСТАН: Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты. Іс-шара соңында жастармен тілдескен Президент Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.


«Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру», – деді Президент Түркістан жастарына.