ТҮРКІСТАН: Мемлекеттен грант алып өз кәсібін ашып отыр

0
1 632

Төлебилік тігінші кәсібінің нәсібін көруде.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттен грант алып өз кәсібін ашып отыр

Төлебилік тігіншіге қыз жасауына тапсырыс көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Төлеби ауданы, Аққұм ауылының тұрғыны Раушан Сырлыбаева алғашында тігін ісімен өз үйінде айналысатын. Тапсырыстың көптігінен осы кәсіппен айналысуды жөн көріп, тігін цехын ашу туралы оған ой келген. Өз ісін жүзеге асыру мақсатында "Халықты жұмыспен қамту орталығына" барып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп, бүгінде өз кәсібіні жүргізуде.

"Жұмыспен қамту орталығына барып, арнайы оқудан өтіп, мемлекеттен қайтарымсыз 240 мың теңге грантқа қол жеткіздім. Ол қаржыға тігін машинасын сатып алдым. Сөйтіп тапсырыстар саны көбие бастады. Әсіресе қыз жасауына тапсырыстар өте көп. Тапсырыс берушілерден ешқандай да шағым жоқ, бәрі ризашылықтарын бірдіруде. Осындай мемлекеттік бағдарлама арқасында өз кәсібімді ашып, маған үлкен мүмкіндік берді", - дейді Раушан Сырлыбаева.


Қазіргі таңда тігін цехта өзі және көмекшісі жұмыс жасайды. Қыз жасауынан бөлек арнайы тапсырыспен сәнді көйлектер, құрақ көпешелер, бесік жасауы сол сияқты тігінге қатысты барлық бұйымдарды жасап шығаруда. Аталмыш өнімдер халыққа қол жетімді бағада ұсынылып отыр.