ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар көбейіп келеді

0
457

Бұл бағытта бірқатар жобалар қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар көбейіп келеді

Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Мемлекеттік қайтарымсыз грант көмегімен кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтың бірі Төлеби ауданында тұрады. Леңгір қаласының тұрғыны Омарова Айзат өзінің жеке кәсібін ашып, кішкентай балалардың ой-өрісін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Жеке кәсіпкер 2023 жылы грант берудің бірінші легінде аталған жоба арқылы 1 млн. 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Кәсіпкер осы қаржыға аудан орталығынан балалардың ойлау қабілетін арттыратын жабыстырмалы ойындар дайындайтын орталықты жүргізуді қолға алған. Балалар жабыстырмалы ойындар құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін дамытады. Орталықта қосымша компьютерлік және интернет қызметтері де бар. Кәсіпкердің айтуынша, бүгінді таңда мұндай ойындарға сұраныстар көп. Грант иесі алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қосымша сыни ойлау қабілетін дамытатын ойындарды шығаруды қолға алуды жоспарлап отыр.


Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған «Күміс жас» жобасы аясында Төлеби ауданы, Ханарық ауылының тұрғыны, 55 жастағы азамат Ф.Қошқаров Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы Көксәйек ауылында орналасқан «Сарвар» жеке кәсіпкері мекемесінің май сығу цехына «механик» қызметіне жұмысқа жолданып, қызмет етуде.


Айта кетейік, Төлеби ауданы бойынша экономикалық белсенді халық саны 48,6 болса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны – 46,2 мың. Қазіргі кезде жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр.


Ауданда жалпы әлеуметтік салаға 2023 жылы 2 млрд. 483млн теңге қаржы қаралса, оның ішінде алеуметтік пакетке 75,4 млн теңге, атаулы әлеуметтік көмекке 455,7 млн. теңге, қоғамдық жұмыстарға 579,6 млн. теңге, жаңа бизнес–идеаларына арналған гранттарға 124,2 млн. теңге қаралған, «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асуда. Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады.