ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

0
595

Операциялық бағалау оң нәтиже беріп отыр.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

Түркістан облысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігінің көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасының динамикасы соңғы 4 жылда 57,39 балл көрсеткішінен 89,45 балға көтеріліп, операциялық бағалау оң нәтиже беріп отыр. Биыл қызмет көрсету сапасын 90 балға жеткізу жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі тыңдалып, кемшіліктер сараланды.


Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар басшыларына бақылау жұмысты жүйелі ұйымдастырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі заңға сәйкес көрсету керектігін жеткізді.


«Жергілікті атқарушы органдардың маңызды бағыты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер. Осы саланы толық автоматтандыру қажет. Өтініштер мен ұсыныстар уақтылы назарға алынып, тиісті жауаптары берілуі шарт. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағытындағы көрсеткіштер бойынша үздік үштіктен түспеу керек. Бұл – нақты тапсырма, Осы саладағы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берілсін», – деді Дархан Сатыбалды.


Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Әсет Абдраханов мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы туралы баяндап, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Оның мәліметінше, басқарма мен облыстық 5 басқармаға және 5 аудан, қала әкімдіктерінің мекемелеріне ішкі мемлекеттік бақылау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бұзу бойынша деректер анықталған. Аудан, қала деңгейіндегі құқық бұзушылықтар көбіне жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінен байқалған. Басқармалардан да кемшіліктер анықталып, басшыларына жұмысты ширату бойынша тиісті хабарламалар жіберілген.


Қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында қызметкерлерге құқықтық оқыту ұйымдастырылып, күнделікті «Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» АЖ-нен жүктеме арқылы қадағалау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және әдістемелік көмектер көрсетіліп жатыр.


Айта кетейік, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі мемлекеттік бақылау есебіне сәйкес, 2023 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан жалпы 10 675 575 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: электрондық түрде – 10 481 676, баламалы негізде – 193451 және қағаз түрінде 448 қызмет көрсетіліп, тиісті жұмыстар атқарылған.