ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы тағайындалды

0
54

Басқарма басшысын тағайындау туралы Түркістан облысы әкімінің өкімі шықты.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұхит Сексенбайұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1991 жылы «Шымкент ауыл шаруашылығықұрылыс монтаж»трестінің монтаждаушысы ретінде бастаған.

1992-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік жөніндегі аймақтық комитетінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, төрағаның орынбасары қызметтерін атқарған.

2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Оңтүстік» өңіраралық департаменті басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы департаментінің басшысы.

2013-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі.

2015-2018 жылдары «Қуат жылу орталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, «Каз Мед пром» ЖШС-нің коммерциялық директоры қызметтерін атқарған.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет