ТҮРКІСТАН: Мемлкеттік қызметкерлерге шілде айында пәтер кілті табысталады

0
2 461

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Түркістанға келді.


ТҮРКІСТАН: Мемлкеттік қызметкерлерге шілде айында пәтер кілті табысталады

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлерге шілде айында 300 пәтер берілетін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев жұмыс сапары кезінде мәлім болды.

"Adaldyk alany" жобалық кеңсесіне келген Агенттік Төрағасы А.Шпекбаевпен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстың 2019-2024 жылдардағы даму жоспарымен танысты.
Онда Түркістан облысының туризм саласының дамуы жайында сөз қозғап, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында смарт жүйесін қала аумағына ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды.
Сонымен қатар, мұндағы мамандар "Adaldyk alany" кеңсесіне келген қала тұрғындарына жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар және құрылыс пен жолға қатысты мәселелерін тыңдап, сол мәселе бойынша анализ жасалып одан қорытынды шығаруға әрекет етілетіндігі айтылды.

"Қала жақында ғана облыстың орталығы болды, Соның өзінде қарқынды дамып келе жатыр деп айтуға болады, Мына көшелердің бәрі істеліп жатыр. Қала ішінде краннан көп ештеңе жоқ, бұның бәрі бастау. Мұнда "Open Space" ретінде жиналып, бастаулы жобалардыі талқылап жатырсыздар. Ол заман талабына сай", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев.

Сондай-ақ төраға мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесіне тоқталып, мемлекеттік қызметкердің пәтер мәселесі өз шешімін табатындығын айтып өтті.


"Мемлекеттік қызметкерлердің жай-күйі түсінікті ғой. Бұрын аудандық орталық болған. Көп кісілер жалдамалып пәтерлерде, Кентаудан қатынайды, 2-3-еуден бірігіп тұрады. Казір маусым айында 600 пәтер қалада кезекте тұрғандарға беріледі, Ал, шілде айында мемлекеттік қызметкерлерге 300 пәтер беріледі", - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.