Түркістан мен Түркия шаһарлары арасындағы байланыс беки түсті

0
603

Түркиялық әріптестер Түркі жұртына ортақ рухани астананы дамытуға үлес қосуды зор құрмет деп білетіндерін жеткізді.


Түркістан мен Түркия шаһарлары арасындағы байланыс беки түсті

Түркістан Стамбул қаласындағы Үскідар және Зейтінбурну муниципалитеттерімен бауырлас қала атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан енді Стамбул қаласындағы Үскідар және Зейтінбурну муниципалитеттерімен бауырлас қала. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркияға жұмыс сапары барысында муниципалитет басшыларымен кездесіп, іскерлік байланыс орнату мәселелерін талқылады. Кездесу барысында түзілген бауырластық меморандумы аясында Түркістанда туризмді, мәдениетті, цифрландыру және инфрақұрылым жүйелерін дамытуда шетелдік тәжірбиелерді қолдану келісілді. Түркиялық әріптестер Түркі жұртына ортақ рухани астананы дамытуға үлес қосуды зор құрмет деп білетіндерін жеткізді.


Ал, қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы өз кезегінде түркістандықтардың игілігі үшін атқарылатын барлық бастамаларды қала әкімі ретінде жан-жақты қолдайтынын атап өтіп, бірлесе жүзеге асырылатын жобалар көне шаһарды дамудың жаңа сатысына көтеретініне сенім білдірді.