ТҮРКІСТАН: Мерекеге орай дәрігерлер шипажайға жолдама алды

0
420

​Түркістан облысының дәрігерлеріне облыс әкімінің атынан шипажайға 100 жолдама табыс етілді.​


ТҮРКІСТАН: Мерекеге орай дәрігерлер шипажайға жолдама алды

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, бірнеше дәрігерге «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері тапсырылды.

Салтанатты жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медициналық қызметкерлер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев барша ақ желеңді абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Түркістан облысы әкімінің атынан үздік дәрігерлер, өз ісінің шеберлері шипажайға 100 жолдама алады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша және 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы халық денсаулығының негізгі индикаторлары бойынша Сіздердің әрқайсыңыздың жұмыстарыңыздың арқасында Түркістан облысында оң серпін байқалады. Мемлекет қолдауының арқасында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр. Бұл жаңа, заманауи ауруханалар мен емханалардың құрылысы, сондай - ақ медициналық мекемелердің заманауи материалдық - техникалық жарақтандырылуы", - деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев.

Мерекеге орай Түркістан медицинасының ең лайықты өкілдері марапатталды. Биыл өңірдің денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, Денсаулық сақтау министрлігінің медальдары, облыс әкімінің грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне ноутбук берілді.

Салтанатты шарада жүзге жуық медицина қызметкері ҚР ДСМ, Түркістан облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды, 2 дәрігер "Еңбек ардагері"медалімен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша "Үздік терапевт", "үздік хирург", "Үздік акушер - гинеколог", "Үздік педиатр", "үздік функционалдық диагностика дәрігері", "Үздік зертханашы" және "Үздік ауылдық дәрігер"марапатталды. "Үздік емхана" атағына Түркістан қаласының орталық емханасы иеленді, ал Жылдың үздік ауруханасы болып Шардара ауданының орталық ауруханасы атанды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев аймақтың денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін айтарлықтай қаражат бөлінетінін атап өтті.

"Мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып келетін денсаулық сақтау саласын биыл материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары күтіп тұр. Сондай- ақ, өңірдің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға күш саламыз" - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет