ТҮРКІСТАН: Мобильді топтар тынымсыз тексеру жүргізіп жатыр

0
542

Олар күнделікті екі ауысыммен нысандарды қадағалайды.


ТҮРКІСТАН: Мобильді топтар тынымсыз тексеру жүргізіп жатыр

Түркістан қаласындағы мобильді топ мүшелері 112 нысанда карантин талаптарының сақталуын қадағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы карантин шараларының сақталуы қатаң қадағалануда. Рашид Абатұлының өкімімен құрылған 6 мобильді топ мүшелері шаһардағы бес мөлтек аудан бойынша 112 нысанды аралады. Аралау барысында сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақ үй, дәріханалар, супермаркеттерде карантин режимінің сақтық шаралары тексерілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы, нысан ішіндегі антисептик, термометрдің орналасуы сынды карантин талаптарының сақталуы насихатталды.

Айта кетейік, топ мүшелері құрамында учаскелік полиция инспекторлары, дербес бөлім мамандары, ақсақалдар алқасының өкілдері және мөлтек аудан төрағалары бар. Олар күнделікті екі ауысыммен нысандарды қадағалап, індет таралуының алдын алу мақсатында шаралардың сақталуын тексеруде.