ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі азамат басқарма басшысының жұмысын істеп көрді

0
1 177

Таңғы сағат 09.00-ден бастап өз жұмысына кірісті.


ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі азамат басқарма басшысының жұмысын істеп көрді

Мүмкіндігі шектеулі азамат бір күнге Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орнына жұмыс істеп көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Әсия Құралқызының орнына «Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы-Қалаға құқық» Республикалық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Ерлан Әбдиев басқарма басшысының міндетін уақытша атқарды. Бұл ерекше жоба 23-маусым - Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.


Ерлан Тұрсынбайұлы таңғы сағат 09.00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Бір күндік шенеунік басқарманың бөлім басшыларымен өткізілетін жоспарлы аппарат жиналысына қатысты. Онда «Жаңа жұмыс орындарының ашылуы» туралы, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының» іске асырылуы, «Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау» туралы маңызды ақпараттар беріліп, атқарылатын жоспарлар пысықталды.


Жұмыс күнінің екінші бөлігінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Сонымен қатар басқармаға қарасты 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арналған «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметі таныстырылды.