ТҮРКІСТАН: Мұнай өнімдерінің тасымалына тосқауыл қойылды

0
596

Арнайы топ құрылып, өз жұмысын бастады.


ТҮРКІСТАН: Мұнай өнімдерінің тасымалына тосқауыл қойылды

Түркістан облысы аумағында 380 жанар-жағармай құю бекеті мен 9 мұнай базасының жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ішкі нарықта мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және заңсыз елден шығару фактілерінің алдын алу, баға тұрақтылығын қадағалау жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы топ құрылып, өз жұмысын бастады.


Бүгінде облыс аумағында 380 жанар-жағармай құю бекеттері мен 9 мұнай базасының жұмысы жалғасуда. Ал мұнай сақтау қоймаларында, АИ-92 маркалы бензиннің қоры 13 343 тонна болса, АИ-95 маркалы бензиннің қоры 1 972,2 тоннаға жеткен. Дизель отынының қоры 18 953 тоннаны құраған. Сонымен қатар өңірде орналасқан жанар-жағармай құю бекеттерінің 72-і ірі желілік жанармай құю бекеттеріне тиесілі.


Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баяндамасына сәйкес, жалпы көлемі 72 000 литр АИ-92 маркалы бензині тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталғанын атап өтті. Оған қоса Түркістан облысында мемлекеттік кірістер департаменті 9 айдың қорытындысына сәйкес мұнай өнімдерін заңсыз әкетуден облыс көлемінде кеден бекеттерінде 215 фактісі анықталып 8,5 млн. теңгеден астам айыппұл мемлекет пайдасына шешілді.


Алдағы уақытта жұмысшы топ тарапынан мұнай өнімдерінің жалған тапшылығын болдырмау, бағаны негізсіз көтеру фактілерінің алдын алу бағыттарында рейдтік іс шара жүргізіледі деп күтілуде.