ТҮРКІСТАН: «Мың бала» олимпиадасы ауыл оқушыларына үлкен мүмкіндік береді

0
1 096

Өткен жылы 150 мыңға жуық оқушы қатысқан.


ТҮРКІСТАН: «Мың бала» олимпиадасы ауыл оқушыларына үлкен мүмкіндік береді

Елімізде үшінші рет 5-6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасы өткізілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл елімізде «Ел Үміті» бастамасы аясында 5-6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасы үшінші рет өткізілмек. Бұл ауылдық жерлердегі дарынды балаларды іріктеуге арналған бірегей жоба. Олимпиада жеңімпаздарына Республикалық физика-математика және «Дарын» мамандандырылған мектебінде, сондай-ақ «Білім-Инновация» лицейінде оқу мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушы - ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры.


Олимпиадаға тіркелу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында 19 ақпан мен 20 наурыз аралығында өтеді. Қатысу тегін. Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңге интернет арқылы қатысуға болады. Екінші кезең 27-29 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында болады. Тестілеу 5 пән бойынша жүреді.


Өткен жылы елімізде 4 000 ауыл мектебіндегі 5-6 сыныптардан 150 мыңға жуық оқушы қатысқан. Олимпиада қорытындысы бойынша 1 000 жеңімпаз іріктелді. Түркістан облысынан Республикалық кезеңге 712 бала қатысып, 184 оқушы жеңімпаз атанған. Осы оқушылардың ішінде 6 сыныптан жеңімпаз болған 81 оқушының 52-і мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданды.