ТҮРКІСТАН: "Nomad explorer" экспедициялық тобы Ақмешіт үңгіріне келді

0
2 219

"Nomad explorer" экспедициялық тобы Түркістан облысына ат басын бұрды.


ТҮРКІСТАН:

"Nomad explorer" экспедициялық тобының 700-ге жуық туристері "Оңтүстік аңыздары" деген атпен Жамбыл мен Түркістан облысын аралап жүр, деп ERNUR.KZ хабарлайды тілшісі.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар бүгін Бəйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірінде болып, Домалақ ана кесінесін көрді.

"Nomad explorer" экспедициялық тобының туристерін 87 жол талғамайтын автокөлік пен 4 автобус алып жүр. Олар кешке Жамбыл облысына аттанып, ертең Қазығұрт тауына шұғуды көздеп отыр.