ТҮРКІСТАН: "Nur Otan” партиясының ардагері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

0
2 180

Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!


ТҮРКІСТАН:

“Nur Otan” партиясының Түркістан облысы Сайрам аудандық сайлау алды штабының төрағасы Алмас Әбдрахманұлы ұлағатты ұстаз Өмірзақ ақсақалмен кездесу өткізді. Ол қырық жылдан аса уақыт жоғарғы оқу орнында студенттерге Жантану ғылымынан (психологиядан), жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, ұстаз психологиясы, нейропсихология, отбасы психологиясы түрлерінен дәріс беріп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген.

Бүгінде Қарасу ауылының төбе биі, партия ардагері болып отырған Өмірзақ ақсақал жастарға жөн сілтеп, ақыл-кеңесін айтумен қатар, бастауыш партияның алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасын елге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аталған кездесу барысында қазыналы қариямыз саналы ұрпақ тәрбиесіне қатысты өз ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау – нұротандықтардың ортақ міндеті болып саналады. Оларға қолдау көрсету ұдайы "Nur Otan” партиясың назарында.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Сайрам ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді