ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сайрам, Түлкібас тұрғындарымен кездеседі

0
411

Қабылдауға алдын-ала жазылу жүргізіледі!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сайрам, Түлкібас тұрғындарымен кездеседі

Өмірзақ Шөкеев Сайрам және Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 20 мамырда сағат 10.00-де Ақсукент ауылы, А.Байтұрсынов көшесі, дендросаябағында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 20 мамырда сағат 11.00-де Ақсукент ауылы, дендросаябағындағы Неке сарайында өтеді.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 20 мамырда сағат 15.00-де Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, «Жанкент» саябағы аумағында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 20 мамырда сағат 16.00-де Т.Рысқұлов ауылы, аудандық мәдениет үйінде өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 19 мамырға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.