ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сәкен Қалқамановты қабылдады

0
899

2019 жылдың тамыз айынан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сәкен Қалқамановты қабылдады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сәкен Қалқамановты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңір басшысы Сәкен Амангелдіұлының облысты дамытуға сіңірген еңбегін, Түркістанға қосқан үлесін атап өтіп, алғыс хат табыс етті.


Басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымын босатқан Сәкен Қалқаманов өңірде спорт, туризм, білім, мәдениет және идеология салаларына басшылық жасады. Ол Арыс және Мақтааралдағы төтенше жағдай кездерінде өзін шебер ұйымдастырушы ретінде көрсете білген болатын. Бұған дейін журналистика саласында, квазимекмлекеттік ұйымдарда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен Сәкен Қалқаманов 2019 жылдың тамыз айынан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.