ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі созақтықтармен кездеседі

0
625

Облыс тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі созақтықтармен кездеседі

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Созақ ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Созақ ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 11:00-де Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі, «Ту тұғыры» алаңында өтеді, сонымен қатар облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 12:00-де Шолаққорған ауылы, С.Қожанов атындағы аудандық тарихи - өлкетану музейінде өтеді.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 16:00-де аудандық мәдениет үйінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді, сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 17:00-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 26 сәуірге дейін сағат 9:00 бен 19:00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13:00-15:00 дейін) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.