ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Төлеби тұрғындарымен кездеседі

0
632

Облыс тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Төлеби тұрғындарымен кездеседі

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Төлеби ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 3 маусымда сағат 11.00-де Ленгір қаласы, Төлеби көшесі н/з, Орталық жастар саябағында өтеді.


Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 3 маусымда сағат 12.00-де Ленгір қаласы, Төлеби көшесі 237, мәдениет үйінде өтеді.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 3 маусымда сағат 16.00-де Қазығұрт елді мекені, Ертіс көшесі 27, «Өнер мектебінің» аумағында өтеді.


Сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 3 маусымда сағат 17.00-де Қазығұрт елді мекені, Ертіс көшесі 27, «Өнер мектебінде» өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 19 мамырға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.