ТҮРКІСТАН: Облыс басшысы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

0
576

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 6 кезеңмен іске асырылады.


ТҮРКІСТАН: Облыс басшысы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

Дархан Сатыбалды құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Turkistan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 6 кезеңмен іске асырылады. Газбен қамту, жол салу, өрт сөндіру депосы, өткізу бекеті, байланыс желісі, теміржол, су және кәріз жүйесімен, жарықпен қамту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Turkistan» арнайы экономикалық аймағын аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.


Газ құбырларының жалпы ұзындығы 25,4 шқ құрайды. Жалпы жолдың ұзындығы – 3,6 шақырым. Өрт сөндіру депосы салынып, абаттандырылуда. Темір жолдың жалпы ұзындығы – 6,1 шақырым. Нысан құрылысына 14 техникамен жұмылдырылған. Сумен жабдықтау – 11,2 шқ және кәріз желілерінің ұзындығы – 3,3 шқ. Электрмен жабдықтау желілерініңжалпы ұзындығы – 11 шқ., ішкі желілер – 6,5 шақырым, қосалқы станция, трансформаторлық қосалқы станция және Кентау қосалқы станциясының реконструкциясы қаралған. Құрылыс- монтаж жұмыстарының жалпы болжамды құны 22 млрд. теңге құрайды.


Облыс әкімі тиісті сала басшыларына инженерлік- инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының кешіктірілмеуін назарға алып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.


Дархан Сатыбалды «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арналған 200 орындық оңалту орталығының құрылыс алаңында болды.


Сауран ауданы, Ораңғай ауылы Құрылыстың жалпы құны 2 562,9 млн.теңгені құрайды.


Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары мен құрал жабдықтарды сатып алу жүргізілуде. Су бассейні мен қысқы бағының құрылыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген уақытта, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шымкент қаласында орналасқан №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы көшіріледі.


Өңір басшысы жауапты сала басшыларына оңалту орталығының құрылысын уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жұмысты мейлінше тездетіп аяқтауды міндеттеді.