ТҮРКІСТАН: Облыс бойынша ​1-сыныпқа 53 мыңға жуық оқушы келеді

0
1 361

Мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны шамамен 18 мыңға артып отыр.


ТҮРКІСТАН: Облыс бойынша ​1-сыныпқа 53 мыңға жуық оқушы келеді

иллюстарциялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің саны артып келеді. Осыған орай жаңа мектептерде бой көтеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласында өтіп жатқан «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесінде айтылды.
Түркістан облысында мектеп оқушыларының орын тапшылығы жыл сайын өсіп келеді. Атап айтқанда, биыл 11-сыныпты 24513 түлек бітірсе, 9-сыныпты 38 мың бітірушінің 10 мыңға жуық түлегі колледжге оқуға түсуде, ал 1-сыныпқа 53 мың оқушы келеді деп күтілуде.
Айта кету керек, жыл сайын оқушы санының өсуіне байланысты 2018-2025 жылдарға дейін облысқа жаңа 184 мектеп салу жоспарланған болатын. Биыл 68 білім нысанының құрылысына 23,5 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылдың соңына дейін 22 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 46 білім нысаны 2020 жылға өтпелі болып отыр.