ТҮРКІСТАН: Облыс бойынша шектеу шаралары күшейтілді

0
741

Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек.


ТҮРКІСТАН: Облыс бойынша шектеу шаралары күшейтілді

Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек. Түркістан қаласындағы құрылыс қарқыны санитарлық-профилактикалық шаралар мен дезинфекциялық жұмыстарды күшейте отырып, жалғаса береді. Бұл – Түркістан облысы әкімініңң Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия отырысында берген тапсырмасы.

Өмірзақ Шөкеев облыс көлемінде шектеу шараларын күшейту бойынша бірқатар жұмыстарды қолға алуды тапсырды.

Атап айтқанда, Түркістан облысы бойынша аудан-қала территориясында 3 сәуір мен 17 сәуір аралығында шектеу енгізіледі.

Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Сондай-ақ, жүк тасымалынан басқа теміржол байланысы мен автовокзалдар мен автобекеттер жұмысы да тоқтайды.

"Қоғамдық көліктер таңғы 6.00 мен 20.00 аралығында жүреді. Облыс аумағында «бетперделік режим» енгізіледі. Азық-түлік базарлары күн сайын дезинфекцияланады, жұмыс режимі 10.00 мен 17.00 аралығын құраса, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар 9.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. Көпшілік тамақтанатын орындар келушілерді қабылдамай, тек үйге тапсырыс қабылдау арқылы сағат 8.00 мен 20.00 аралығында жұмыс істейді. Жанар-жағармай құю бекеттері, екінші деңгейлі банк, жеке нотариустер 10.00 мен 16.00 аралығында қызмет көрсетсе, сән салоны, шеберхана, көлік жөндеу орындары сағат 10.00-18.00 режиміне көшеді", - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, тротуар, жолдар сауда алаңдарының (азық – түлік дүкендерінің) учаскелері, подъездер мен тұрғын үйлер ауласы мен балалар ойнайтын алаңдар кестеге сәйкес жиі дезинфекцияланады.
Сонымен қатар, пошта, төлем жасау орындары мен банк секілді мекемелерде кезекке тұру бес адамнан аспай, арақашықтық 1,5-2 метрді құрауы қажет.