ТҮРКІСТАН: Облыс дәрігерлері бұрын соңды болмаған шара өткізді

0
2 115

"Дені сау ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі" атты шара елімізде тұңғыш рет өтті.


ТҮРКІСТАН: Облыс дәрігерлері бұрын соңды болмаған шара өткізді

Түркістан облысының дәрігерлері "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай мыңға жуық адамның басын қосып, бұрын соңды болмаған шара өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай ауқымды шараға қатысты.

1 маусым күні "Дені сау ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі" атты шара елімізде тұңғыш рет өтті. Іс - шара Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы мен "Жол картасы" аясында халық арасында медициналық сауаттылықты арттырып, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету негіздерін үйрету мақсатында Түркістан облысы медициналық мекемелерінде өтуде.

Бұрын соңды болмаған ауқымды сайысқа аналар мен аяғы ауыр қыз - келіншектер және 3 -18 жас арасындағы балалар мен ақ халаттылар атсалысты.

Ашық аспан астында шатырлар құрылып, жүздеген адам бақ сынады. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы мен "Жол картасы" аясында халық арасында медициналық сауаттылықты арттырып, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету негіздерін үйрету мақсатында Түркістан облысы медициналық мекемелерінде ауқымды іс - шара жүзеге асуда.
Ерекше шара барысында 15-ке жуық команда жасақталып, сайыс түрінде өткде. Жарыста сурет көрмесі, 1 жасқа дейінгі балаларды дұрыс тамақтандыру ережелері, яғни тағамдар көрмесі ел назарына ұсынылады. Сондай- ақ, балалар мен жүкті әйелдер және жас аналардың қауіпті жағдайларда тығырықтан шығу жолдарына қатысты сауат ашу сатысы ұйымдастырылды. Отбасын жоспарлау, босануға дайындық, серіктестік босану жолы мен жаңа туған нәрестенің үй жағдайындағы күтімі, температуралық тізбек, акушерлік және педиатриядағы қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсету мени цифрландыру және онлайн тіркеу кестесі көпшілік назарына ұсынылды.
Сайыста бірнеше номинация бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. 100-ден астам балалар мен жүкті және босанған әйелдерге арналған арнайы сыйлықтар таратылды.

Ауқымды шараға Алматы қаласынан келген арнайы қонақтар мен қол ұшын созған қайырымды жандар қатысты. Кеш соңында флешмоб пен концерттік бағдарлама өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда мәдени-бұқаралық және сауықтыру-алдын алу іс-шараларын өткізуде корпоративтік басқару қағидаттарын қолдану.
Міндеттер:
- Денсаулық бағдарламасы аясында облыста ана өлімін төмендету бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
- Мед қызметкерлерінің күшімен сауықтыру акцияларын өткізу арқылы Салауатты өмір салтын насихаттау.
- Түркістан облысы Денсаулық сақтау менеджерлерінің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту
Қазақстан Республикасында акушерлік - гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және ҚР ДСМ 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 мамырда № 16854 болып тіркелді. ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген 29.12.2017 жылғы N1027 бұйрығы " Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" нақты көрсетілген. Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы Қ.Р ДСМ 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығында көрсетілген.