ТҮРКІСТАН: Облыс прокуроры Қазығұрт, Төлеби аудандарына барды

0
654

Туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.


ТҮРКІСТАН: Облыс прокуроры Қазығұрт, Төлеби аудандарына барды

Түркістан облысының прокуроры Қазығұрт, Төлеби аудандарына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Қазығұрт, Төлеби аудандарына іссапармен барып, жергілікті актив пен этнос өкілдерімен кездесті.


Кездесу барысында аудандардағы криминогендік ахуал, тұрғын үй мәселесі және профилактикалық жұмыстардың пәрменділігі талқыланды.


Сонымен қатар аудан тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатындығын ескере отырып, облыс прокуроры «Қолжетімді жайылым» жобасының іске асыруын қамтамасыз ету жайына назар аударды.


Бұдан бөлек, аудан прокуратураларында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау жүргізді.


Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуроры аудан прокурорларына мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.