ТҮРКІСТАН: Полицейлер нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады

0
1 557

Түркістан облысының полицейлері 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады

Түркістан облысының полицейлері ерлікпен қаза тапқан полицейлердің жұбайларын ұмытпай мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен полиция қызметіндегі нәзік жанды аруларға арналған мерекелік концерт болып өтті. Концертке Полиция департаментінде қызмет ететін 300-ден астам нәзік жандылар мен қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің жұбайлары, қала, ауданнан келген басқармалар мен бөлімдердің шенді арулары қатысты.

Мерекелік шараны Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков өзінің аналарға, әйел полицейлерге деген құттықтау баяндамасымен ашты. Өзінің жүрек жарды сөзінде департамент басшысы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында әйелдер қауымының құқығы мен мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлініп отырғандығын айтты. Әйел қызметкерлердің ерлермен иық тіресе қоғамдық тәртіпті күзетіп, түрлі қылмыстарды ашуда белсенділік танытып, қызметтерін мінсіз атқарып жүргендігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, мерекелік шара аясында департамент басшысы Қ.Дәлбеков үздік қызметкерлерді Құрмет гамотасымен, алғыс хаттармен марапаттап, омырау белгілерін тақты. Мұнан өзге, 300-ден астам қызметтегі қыз-келіншектерге ақшалай марапат табыстады.

Ал, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің жұбайларына соңғы үлгідегі теледидарлар сыйлады.