ТҮРКІСТАН: Облыстық екі театрда 6 жаңа қойылым сахналанады

0
449

Театрларда карантиндік шектеулерге байланысты 148 онлайн іс-шара ұйымдастырылып, 77 859 қарылым жиналған.


ТҮРКІСТАН: Облыстық екі театрда 6 жаңа қойылым сахналанады

Түркістан облысындағы қос облыстық театрда 6 жаңа қойылым сахналанатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы қос облыстық театрда жыл соңына дейін 6 жаңа қойылым сахналанатын болады. Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандар мен ауылдарға «Ауылым саған, өнерім» атты гастрольдік іссапарлар ұйымдастырылады. Бұл туралы брифингте облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.


2021 жылдың 10 айында облыстық кәсіби 3 театрда 3 жаңа қойылым сахналанған. Театрларда карантиндік шектеулерге байланысты 148 онлайн іс-шара ұйымдастырылып, 77 859 қарылым жиналған.


«Биылғы жылы облыста ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шаралар кең көлемде аталып өтуде. Атап айтсақ, Арыс қаласында «Балдәурен-2021» облыстық балаларға арналған ән байқауы, Отырар ауданында «Омартасы рухтың - Отырарым» облыстық жас ақындар айтысы, Түлкібас ауданында «Жырым саған туған ел» облыстық жас ақындар мүшәйрасы, Келес ауданында «Күлкі жәрмеңкесі» облыстық әзілкештер байқауы, Созақ ауданында «Күй құдіреті» жас күйшілердің байқауы мен ұлттық аспаптардың көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аталып өтілді. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданында «Мәдениеті ауылдың» ақпараттық-танымдық бағдарламасының түсірілім жұмыстары жүргізілді», - деді Әзімхан Серікұлы.


Сонымен қатар, Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай «Түрленген, гүлденген - Түркістан» республикалық ақындар айтысы өтті.


Сондай-ақ, биыл Түркістан қаласындағы «Әл-Фараби» кітапханасының концерт залында Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына арналған «Тайқазан» ұлттық киімдер байқауының мерекелік концерті, Бекзат Сакенұлының шығармашылығына арналған концерт, «Керуен сарай» көпфункционалды туристик кешенінде мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық концерттері ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, филармония залында «Күзгі әуен», «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Кино әуен» атты концерттері өтті.