ТҮРКІСТАН: Облыстық маңызы бар жолдарға шектеу қойылды

0
342

Барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.


ТҮРКІСТАН: Облыстық маңызы бар жолдарға шектеу қойылды

Түркістан облысында жолдарға шектеу қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында қарлы, дауылды боран салдарынан жол көрінбей, қауіп туындауына байланысты облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1мамыр» жолының 38-шақырымынан 44-шақырымына дейінгі учаскесі, яғни асу уақытша жабылды. Барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.


Әкімдік қызметкерлері, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жолаушыларға ескерту жасап, жүргізушілерге көліктерін қар құрсауынан шығаруға көмектесуді ұйымдастырады. Коммуналдық және жол қызметтері де қызу жұмыс атқаруда.