ТҮРКІСТАН: Облыстық мәслихат депутаттары Қазығұртта сенбілікке қатысты

0
276

Аумақ қоқыстан тазартылып, ағаштардың қураған бұталары қырқылды.


ТҮРКІСТАН: Облыстық мәслихат депутаттары Қазығұртта сенбілікке қатысты

Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Қазығұрт ауданында сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 мамыр - Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесімен қатар «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Қазығұрт ауданындағы «Мәңгілік Ел» саябағында сенбілік өтті. Тазалық шаралары Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішев пен облыстық мәслихат депутаттары Н.Әжіметов, Н.Аширов және аудан жастарының қатысуымен өтті.


Атқарылған жұмыстар барысында саябаққа ағаш және гүл көшеттері отырғызылды. Одан бөлек, аумақ қоқыстан тазартылып, ағаштардың қураған бұталары қырқылды.


Бүгінде Қазығұрт ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Үш апта көлемінде түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды.