Түркістан облыстық мәслихаттың сессия отырысы өтіп жатыр

0
1 280

19 мәселе қаралмақ.


Түркістан облыстық мәслихаттың сессия отырысы өтіп жатыр

Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясы басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты У.Рахиев жүргізуде. Сессия жұмысына облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне барлығы 19 мәселе қаралмақ. Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдайды.